ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін атқарушы заңсыз миграцияға байланысты қауіптің барын ескертті

1106

ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін атқарушы заңсыз миграцияға байланысты қауіптің барын ескертті

Заңсыз миграция халықаралық лаңкестікке, ескірткі айналымына және адам саудасына жол ашады, деп мәлімдеді ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков.
"Заңсыз миграцияның өзі ғана қауіпті емес. Ол халықаралық лаңкестік, қару саудалау, есірткінің заңсыз айналымы және адам саудасы секілді трансшекаралық қылмыстармен тікелей байланысы бар", – деді Валерий Семериков.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі заңсыз миграциямен байланысты қауіпке жататын қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету болып табылады.
Валерий Семериков жаһандық миграциялық қауіпсіздік мүддесі үшін барша әлемдік қауымдастықтың күшін жұмылдыру қажеттігін атап айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу