ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась бір айдан кейін тәжік-ауған шекарасында ұйымның ұжымдық күштерінің ірі әскери оқу-жаттығуларын өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Ұйым шекарадағы жағдайы шиеленіскен жағдайда Тәжікстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған практикалық шараларды пысықтады. Бір айдан кейін тәжік-ауған шекарасына жақын жерде ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің бірқатар ауқымды оқу-жаттығуы өтеді. Бұл – "Поиск" барлау күштері мен құралдарының оқулары, "Эшелон" материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдарының оқу-жаттығулары, "Взаимодействие" мен "Кобальт"жаттығулары", – деді ол Душанбеде өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысында.
Табиғат Нұрболат
Фото: rg.ru