ҰҚШҰ бітімгершілік күштері "кепілге алынған азаматтарды" құтқарады

950

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Ресей Федерациясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерімен оқу-жаттығу жиынына қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ҰҚШҰ бітімгершілік күштері "кепілге алынған азаматтарды" құтқарады

Әскери оқу-жаттығу жиыны ертең Жуков Краснознаменный училищесінің қазан жоғары танк командалық орденінің полигонында басталады.

"Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны жүргізу кезінде ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің құрамына кіретін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру", – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін топтастыру кезінде бітімгершілік операциясын дайындау мен жүргізу міндеті пысықталады.

Шара шеңберінде ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің жауынгерлік бөлімшелері "содырлар" орналасқан ғимаратқа шабуыл жасайды, "кепілге алынған азаматтарды" құтқарады және зардап шеккендерге көмек көрсетеді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу