ҰҚШҰ-да алғаш рет әскери қызметшілер мәртебесі жоқ ұйымға мүше елдердің өкілдері жиналды

467

Тиісті ақпарат ҰҚШҰ ресми сайтында жарияланды.

ҰҚШҰ-да алғаш рет әскери қызметшілер мәртебесі жоқ ұйымға мүше елдердің өкілдері жиналды Фото: ҰҚШҰ баспасөз қызметі

ҰҚШҰ Хатшылығында тұңғыш рет әскери қызметшілер мәртебесі жоқ ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің өкілдері жиналды. Іс шара 28 сәуірге дейін жалғасады,  деп жазады inbusiness.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, жиынға қатысушылар 5 жұмыс күні ішінде ҰҚШҰ тақырыбы бойынша дәрістер курсын тыңдайды. 

Іс-шараға Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының өкілдері қатысып жатыр. 

"Оның ерекшелігіне ақпарат берудің біріктірілген тәсілі жатады. Мұнда  бетпе-бет сөйлесумен қатар бейнеконференция режимі бойынша да жұмыс ұйымдастырылған", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу