ҰҚШҰ-да халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізу жоспарлануда

608

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰҚШҰ-да халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізу жоспарлануда Фото: 365info.kz

Жақында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің халықаралық әскери ынтымақтастық органдары басшыларының кеңесі өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"1 наурызда Минск қаласында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің халықаралық әскери ынтымақтастық органдары басшыларының кеңесі өтеді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойған болатын.

Атап айтқанда, жоспар Беларусьте 2023 жылы ҰҚШҰ-ның "Өзара іс-қимыл", "Эшелон" және "Іздеу" атты үш жаттығуын өткізуді көздейді.

ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу