ҰҚШҰ-ға мүше елдер әскери қауіпсіздік мәселесін талқылады

926

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер өкілдері ұйым аумағындағы әскери қауіпсіздік мәселелерін талқылады, хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰҚШҰ-ға мүше елдер әскери қауіпсіздік мәселесін талқылады

Мәлім етілгендей, бейнеконференция режимінде өткен кеңес барысында ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ дағдарысқа ден қою тетіктерін жетілдіру және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Отырысқа Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан Қарулы күштері бас штабтарының бастықтары, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов қатысты.

Сондай-ақ тараптар 2022 жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын бірлесіп даярлау іс-шараларын өткізу жоспарын мақұлдады.

Еске салайық, алдағы күз айларында Қазақстан Республикасының "Мәтібұлақ" полигонында ҰҚШҰ әскерлері (ұжымдық күштері) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің "Эшелон – 2022", барлау күштері мен құралдарының "Іздестіру – 2022" арнайы оқу-жаттығулары мен ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің "Өзара іс-қимыл – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу