ҰҚШҰ: Күш қолдану екі жаққа да тиімсіз әрекет деп санаймыз

726

12 қыркүйек күні Армян-Әзірбайжан шекарасындағы қақтығыс барысында Армения премьер-министрі ҰҚШҰ-дан көмек сұраған болатын.

ҰҚШҰ: Күш қолдану екі жаққа да тиімсіз әрекет деп санаймыз

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығы армян-әзербайжан шекарасында күш қолдану тиімсіз, сондықтан ұйым қақтығысты шешу жолдарын іздеп жатқанын жеткізді.

"Армян тарапының ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесіне Армения Республикасына көмек көрсету туралы үндеуіне байланысты ұйым хатшылығы ҰҚШҰ Біріккен штабымен бірлесіп жағдайды реттеу үшін ҰҚШҰ тетіктерін іске қосу жөніндегі жұмысты ұйымдастырды", – делінген хатшылық хабарламасында.

"Күш қолдану екі жаққа да тиімсіз әрекет деп санаймыз. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін Әзірбайжан, Армения және Ресей басшыларының 2020 жылы 9 қараша, 2021 жылы 11 қаңтар мен 29 қарашада жарияланған мәлімдемелерінде бекітілген саяси және дипломатиялық әдістер мен келісімдер қолданылуы керек", – деді хатшылық.

Сондай-ақ хабарлама авторлары соғыс кезінде ауыр қару мен дрондар қолданылғанын мәлімдеді.

"Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз", – делінген хабарламада.

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Армения Қарулы Күштерінің 49 әскери қызметкері Әзірбайжан қарулы күштерімен түнгі шайқастар нәтижесінде қайтыс болды деп мәлімдеді. Әзірбайжан тарапынан да қаза тапқандар бар.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу