ҰҚШҰ Қазақстанда әскери оқу-жаттығу жиынын өткізбек

1734

Оның айтуынша, бірлескен оқу-жаттығу жиыны Тәжікстан мен Қырғызстанда да ұйымдастырылады.

ҰҚШҰ Қазақстанда әскери оқу-жаттығу жиынын өткізбек

Биыл ҰҚШҰ Қазақстанда 3 әскери оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан аумағында әскери оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отырмыз... "Өзара іс-қимыл-2022" ҰҚШҰ-ның жедел ұжымдық күштерімен Орталық Азия өңіріндегі дағдарысты реттеу мақсатындағы міндеттерді пысықтаумен командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтеді", – деді Анатолий Сидоров. 

Оның айтуынша, 2022 жылы елде "Іздеу-2022" барлау күштерінің қатысуымен арнайы оқу-жаттығуы, әрі ҰҚШҰ әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін "Эшелон-2022" оқу-жаттығуы өтеді.

"Ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарын басқару органдары, құралымдармен бірлесіп, өткен жылдағыдай терроризмге қарсы тақырып қаралады", – деді ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы. 

Ол биыл Тәжікстанда "Рубеж-2022" ОАӨ Жедел өрістету ұжымдық күштерінің (ЖӨҰК) бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізілетінін атап өтті. Онда халықаралық террористік ұйымдарға қарсы іс-қимыл жасау мәселесі пысықталады. 

"Соңғы оқу-жаттығу жиыны Қырғыз аумағында өтеді. Онда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарда бар. Оның барысында дағдарыс аймағында жанжалдан кейінгі реттеу міндеттері пысықталады", – деді Анатолий Сидоров. 

"ҰҚШҰ форматындағы әскери ынтымақтастық тек қорғаныс сипатына ие. Мұны біздің мемлекет басшыларымыз мәлімдемесінде де атап өткен", – деді біріккен штаб басшысы.

Анатолий Сидоров ұйымға мүше елдер ҰҚШҰ әскерлерін жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру мақсатында олардың жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету үшін заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, ҰҚШҰ-ға 6 мемлекет кіреді: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан.

Фото: zerkalo.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу