ҚР СІМ өкілі: ҰҚШҰ миссиясы сәтті аяқталды

879

Қ. Тоқаев 6 қаңтарда ҰҚШҰ елдерінен көмек сұраған еді. 

ҚР СІМ өкілі: ҰҚШҰ миссиясы сәтті аяқталды

ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің Қазақстандағы миссиясы сәтті аяқталды. Бұл туралы ҚР СІМ еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бастамашылық еткен ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің миссиясы сәтті аяқталды. Қазақстан ресми өтінішінің негізінде және ҰҚШҰ барлық елдері қол қойған құжаттарға сәйкес 13 қаңтардан бастап ұйымның бітімгерлік бірлескен контингентінің кезеңдік шығарылуы басталды. Елімізге келген бітімгерлер өз миссиясын сәтті аяқтап, өз елдеріне оралуда. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғаннан бері 30 жылдың ішінде ҰҚШҰ күштері алғаш рет пайдаланылғанын атап өту қажет", – деді ведомство өкілі. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қаңтарда елдегі жаппай тәртіпсіздіктер аясында ҰҚШҰ елдерінің көшбасшыларынан көмек сұраған еді. Жалпы елімізде Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армениядан 2,3 мың бітімгер келіп, 250 техника жіберілді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу