ҰҚШҰ оқу-жаттығуы Тәжікстанда өтіп жатыр

624

Қырғызстан өз аумағында "Рубеж-2022" оқу-жаттығуын өткізуден бас тартқаннан кейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің контингенттері Тәжікстанға аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Sputnik Тәжікстан"-ға сілтеме жасап.  

ҰҚШҰ оқу-жаттығуы Тәжікстанда өтіп жатыр

Аталмыш шара 10-21 қазан аралығында өтеді. Басты міндет - заңсыз қарулы құрылымдардың ұйымға мүше мемлекеттің аумағына басып кіруіне қарсы жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтау.

"Тәжікстандағы жаттығуларға қатысушылардың жалпы саны 1 мыңға жуық адамды құрайды. 300-ден астам әскери және арнайы техника, оның ішінде ұшақтар, тікұшақтар мен ҰҰА жұмылдырылған", - делінген ресми хабарламада.

Жоспар бойынша оқу-жаттығу Қырғызстанда 10-14 қазан аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, Қырғызстан Қорғаныс министрлігі қырғыз әскері шараға қатыспайтынын айтып, өз полигондарын беруден бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу