ҰҚШҰ шеңберінде есірткіге қарсы арнайы операция жүргізіледі

449

“Канал-Перехват” операциясы 2023 жылғы қыркүйекте жүргізіледі. 

ҰҚШҰ шеңберінде есірткіге қарсы арнайы операция жүргізіледі Фото: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Алматы қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында “Канал-Перехват” есірткіге қарсы операциясын өткізу жөніндегі ұйымдастыру кеңесі аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Канал-Перехват" операциясы 2023 жылғы қыркүйекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдардың қатысуымен жүргізілетін болады", - делінген хабарламада.

Бақылаушылар ретінде Үндістан, Иран, Қытай, Моңғолия, Сирия, Түрікменстан, Өзбекстан құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар – қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ, БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі өңірлік басқармасы, ШЫҰ-ның терроризмге қарсы өңірлік құрылымы, ТМД кеден қызметтерінің құқық қорғау бөліністері басшыларының комитеті қатысуды жоспарлап отыр.

Кездесуде, сондай-ақ 2023 жылы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағындағы есірткі ахуалының өзгеруінің соңғы үрдістері, оның осы жылдың екінші жартыжылдығындағы даму болжамдары талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу