ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

551

22-23 қараша күндері Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді.    

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді Фото: gov.kz

Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің, қорғаныс министрлерінің және қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірлескен жиыны өтеді. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.Смадияров брифинг кезінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Отырыстарға Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысады.

“Бұл отырыстар барысында ұйымның қазіргі қызметінің бірқатар кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ ұйымның дамыту перспективаларын талқылау жоспарлануда. Ерекше назар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мәселелеріне, ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы әрекет жасау жөніндегі шараларға бөлінетін болады”, - деді Айбек Сиадияров.

Отырыс қорытындысы бойынша ұжымдық қауіпсіздіктің мәселелеріне қатысты бірлескен мәлімдемелер қабылданады. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына қол қоюға енгізілетін құжаттардың жобалары мақұлданады деп күтіліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу