ҰҚШҰ тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалды реттеуге көмек көрсетуге дайын

529

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы қақтығыс соңғы рет 14 қыркүйекте болды.

ҰҚШҰ тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалды реттеуге көмек көрсетуге дайын Фото: inbusiness.kz

ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Ереванда өтіп жатқан Сыртқы істер министрлері, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ұйымның Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы барысында ҰҚШҰ-ның Тәжікстан мен Қырғызстанға шекарадағы жағдайды қалыпқа келтіруге көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"ҰҚШҰ құрамындағы екі ел арасындағы жанжалды түбегейлі тоқтатып, бір келісімге келуге көмектесе алады, оған рестар да, тәжірибе де жетеді. Әрине, егер Тәжікстан мен Қырғызстан мұны қажет қылса", - деді Зась.

Бірлестікке кіретін елдер көшбасшыларының отырысы Ереванда өтуде. Оған Ресей, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Армения өкілдері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу