ҰҚШҰ жедел тобы Арменияның Қорғаныс министрімен кездесті

528

Штаб бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров бастаған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бірлескен штабының жедел тобы Арменияға келіп, елдің қорғаныс министрі Сурен Папикянмен кездесу өткізді. Бұл туралы бейсенбі күні әскери ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚШҰ жедел тобы Арменияның Қорғаныс министрімен кездесті

"Штаб бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров бастаған ҰҚШҰ Біріккен штабының жедел тобы 15 қыркүйек күні кешке ҰҚШҰ ҰҚК (Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі) шешіміне сәйкес мониторингтік миссияны орындау үшін Арменияға келді. Сол күні Сидоровты Армения Қорғаныс министрі Сурен Папикян қабылдады. Әскери ведомство басшысы Әзірбайжан жүргізген ауқымды агрессия нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен таныстырды", – делінген хабарламада.

Папикян топтың алдағы мониторинг бойынша міндеттерін де атап өтті. Армения қорғаныс ведомствосының басшысы аталмыш топ тиімді жұмыс жүргізіп, ҰҚШҰ ҰҚК-не жедел жағдай туралы егжей-тегжейлі және нақты баяндама ұсынатынына үміт білдірді.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу