Бақытжан Сағынтаев "Hunnu Air" авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесті. Онда шаһар басшысы Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды", – деді қала әкімі кездесу барысында.
Кездесу қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев моңғол әуе компаниясының бастамасын қолдауға дайын екенін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу