"Ұлан" газеті балаларға арналған цифрлық платформасын іске қосты

239

Жаңа жоба жасөспірімдерге шығармашылық жұмыстарын ұсынуға, журналистика негіздерін үйренуге және қауіпсіз ортада ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.  

"Ұлан" газеті балаларға арналған цифрлық платформасын іске қосты Фото: aikyn.kz

Балалар мен жасөспірімдерге арналған 96 жылдық тарихы бар республикалық "Ұлан" газеті жаңа цифрлық платформасын іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ulandigital.kz сайты оқушыларға тек материал оқуға ғана емес, өз шығармашылығын танытуға да мүмкіндік береді. Платформадағы "Хат жазамын" бөлімі арқылы жас авторлар мақалаларын, өлеңдерін және басқа да жұмыстарын редакцияға жолдай алады. Ай сайын белсенді қатысушылар арасынан үздік тілші анықталады.

Жаңа жобада балаларға журналистика негіздерін үйрететін медиа мектеп те жұмыс істейді. Онда жасөспірімдер ақпаратпен жұмыс істеу, материал дайындау және кәсіби этика қағидаларымен танысады.

Сондай-ақ "Ержеттім… Бойжеттім…" айдары жасөспірімдермен ашық байланыс орнатуға бағытталған. Бұл бөлімге келіп түскен хаттар редакция тарапынан жеке қаралып, жарияланбайды.

Платформа толықтай қазақ тілінде әзірленген және балаларға арналған қауіпсіз цифрлық орта ретінде жұмыс істейді. Сайтта сыртқы жарнама орналастырылмаған. Пайдаланушылар редакциямен байланысып, газеттің баспа және PDF нұсқаларына жазыла алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу