Үлбі зауытындағы төмен байытылған уран банкі келер жылы пайдалануға берілмек

1503

Үлбі зауытындағы төмен байытылған уран банкі келер жылы пайдалануға берілмек

Үлбі металлургиялық зауытындағы төмен байытылған уран қоймасы 2017 жылдың мамырында толығымен салынып бітеді. Ол туралы зауыт өкілі Александр Ходанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, МАГАТЭ-ның төмен байытылған уран банкіне арналған қойма салу туралы мемлекеттік сараптама алынып, құрылыс жүргізетін мердігер бекітілген. Мердігер биылғы тамыз айының соңында қойманың құрылысын бастады.

"Қойма құрылысы 2017 жылдың мамырында аяқталады деп жоспарланып отыр. Мұнан әрі мемлекеттік қабылдау өтеді. Одан кейін қыркүйек айында МАГАТЭ-нің шолу миссиясы өтіп, қойманың төмен байытылған уранды қабылдауға дайындығы туралы соңғы қорытынды берілуі тиіс. Осыдан соң МАГАТЭ аталған материалды сатып алуға тендер жариялайды және қоймаға төмен байытылған уран жеткізу басталады", - деді зауыт өкілі.

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу