Ұлдана Мырзуан ісі: сот күйеуінің өтінішін қанағаттандырмады

272

Сот қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнелді жәбірленуші мәртебесінен айыру туралы өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлдана Мырзуан ісі: сот күйеуінің өтінішін қанағаттандырмады Фото: бейнежазбадан

Бұған дейін Зейнелдің адвокаты оның жәбірленуші ретінде іске қатысуын тоқтатып, бұл мәртебені марқұмның анасы Сәлима Омароваға беруді сұраған еді.

Сот отырысында судья Меруерт Абаева өтінішті қазіргі кезеңде қанағаттандыруға негіз жоқ екенін түсіндірді. Сонымен қатар негізгі сот талқылауы кезінде жауап алынғаннан кейін мұндай өтінішті қайта беруге болатынын айтты.

Сот тараптардың пікірін тыңдап, Әділет Зейнелдің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарды.

Ал Ұлдананың анасы Сәлима Омарова күйеу баласының жәбірленуші мәртебесін алуға моральдық құқығы жоқ деп мәлімдеген.

23 жастағы Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы 18 қарашада қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан.

Оқиғаға қатысты бұған дейін елордадағы тұрғын үй кешенінің қасбетінен кірпіш қаптамасы мен кондиционер құрылымының бір бөлігі құлап, бес адамның зардап шеккені хабарланған. Барлық зардап шеккендер №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу