Үлескер есебінен салынатын нысандар тізімі бекітілді

936

Үлескер есебінен салынатын нысандар тізімі бекітілді

Алматыда үлескерлердің қаржысын тарту құқығына ие нысандар белгілі болды.

Рұқсаты бар өкілетті және мердігер компаниялардың тізімін оңтүстік астананың прокуратурасы жариялады. Жалпы саны 11 құрылыс объектісінің 8-і БАЗИС-А кәсіпорнына тиесілі болса, қалған тұрғын үйлерді "Астана Реалти Плюс", "АСТ Партнерс груп" және өзге де компаниялар өзара келісіп салуда.

Еске сала кетейін жуырда үлескерлердің құқығын қорғау мақсатында "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу" туралы заң қабылданған болатын. Жаңа құжатқа сәйкес компаниялар әкімдіктің арнайы рұқсатымен ғана үлескердің қаржысын тарта алады. Сондай-ақ, құрылыс компаниясы кепілдендіру қорының жобасына қатысуы шарт. Өйткені бұл қор құрылыстың аяқталатынына кепілдік береді. Сондықтан ең алдымен үлескермен типтік келісім жасалуы шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу