Үлескер қаржысына салынатын тұрғын үйлерді кепілдендіру басталды

661

Үлескер қаржысына салынатын тұрғын үйлерді кепілдендіру басталды

Тұрғын үйлерді кепілдендіру процесі басталды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Алғашқылардың бірі болып аталмыш шартқа елордалық құрылыс компаниясы қол қойды. Келісімге сай мердігер нысанды бітіруге қауқарсыздық танытса, мәселеге тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры араласады. Осылайша, ол баспананы тиісті мерзімде тапсыруға жауапты.

Айта кетейік, құрылыс нысанын кепілдендіру әдісін үлескер ақшасына салынатын барлық үйге қолдануға болады. Ол шағын үй не алып кешен болсын, айырмашылығы жоқ. Ал оған қатысамын деген құрылыс компаниясына қойылар өзіндік талаптар бар.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу