Үлескерлерден ақша жымқырған құрылыс компаниялары басшыларының істері Астана сотына жіберілді

1221

Астана қаласының прокуратурасы құрылыс компанияларының басшыларына қатысты істердің барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Үлескерлерден ақша жымқырған құрылыс компаниялары басшыларының істері Астана сотына жіберілді

Астана қаласының прокуратурасы құрылыс компанияларының басшыларына қатысты істердің барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. 

"Астана қаласының прокуратурасы елорда аумағындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына салынған азаматтардың қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық істердің тергелу барысын қадағалауда. Астана қаласы Ішкі істер департаменті тергеу жүргізді және сәйкесінше төмендегі компания басшыларына қатысты "Алға Тоқболат" ЖШС (жетекші - Әлжан Е.Ә., нысан - Тұран - Сығанақ қиылысы); "ҚазГазАстана НС" ЖШС және "Алтын Сапа 2011" ЖШС (жетекші - Ахмедияров Д.К., нысандар - Қошқарбаев көшесі бойынша "Зере" және "Зере-2" ТК), сондай-ақ "НМ Астана Құрылыс" ЖШС (жетекшілер - Шәкіров Б.Т. және Жағыпаров Н.Т., нысан - Төлебаев көшесіндегі "Арыстан" ТК) процессуалды шешім қабылдады", - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Бұл кәсіпорын жетекшілерінің әрекеттерін қылмыстық тергеу органы ҚР Қылмыстық кодексінің 189, 190 және 250-баптары бойынша қылмыс деп таныды. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық істерді елорда прокуратурасының органдары Астана қаласының сотына жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу