Үлескерлердің ақшасын алып, Ресейге қашып кеткен әйел ұсталды

Үлескерлердің ақшасын алып, Ресейге қашып кеткен әйел ұсталды

29 Мамыр 2021 15:03 731

Үлескерлердің ақшасын алып, Ресейге қашып кеткен әйел ұсталды

Азаматтардан алынған қаражат және бөлінген қаражат шамамен 2 млрд теңгені құрайды. 

Халықаралық іздеуде болған 39 жастағы әйелді Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің қызметкерлері Санкт-Петербург қаласы бойынша Қылмыстық іздестіру бөліміндегі әріптестерімен бірге ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әйел 2019 жылдың қазан айынан бастап қылмыстық қудалаудан жасырынып келеді және ол сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі бөтеннің мүлкін жымқырды деп айыпталуда. Қазіргі уақытта ол Санкт-Петербург қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп көрсетілген хабарламада.

Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.

"Полициядан жасырынған күдікті Ресейдің әр түрлі аймақтарындағы тұрғылықты жерін үнемі өзгертіп отырды. Ол сыртқы түрін өзгертті және жалдамалы пәтерлерде тұрды. Ол өзінің туыстарымен достары мен сенімді адамдары арқылы байланыста болған", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті "Жеңіс Астана Премиум" тұрғын үй-құрылыс кооперативін Нұр-Сұлтандағы "Талисман" тұрғын үйінің құрылысы үшін тіркеген. Осы мақсатта ол инвесторларды тарта бастады.

"Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне жаңа мүшелерді енгізу және үлескерлік жарналарды алу нәтижесінде халықтан қомақты соманы жинады. Алайда ақшаны жымқырып, көппәтерлі үй салынбады", - делінген хабарламада.

Азаматтардан алынған қаражат және бөлінген қаражат шамамен 2 млрд теңгені құрайды. 

"Алданған үлескерлер Нұр-Сұлтан полиция бөліміне ұжымдық арыз жазған. Тұрғын үй кооперативінің төрағасына 2019 жылдың қыркүйек айында сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін заңсыз иемденгені және ірі көлемде жымқырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған мәлімдемеде.

Ұқсас материалдар:

kyzyl-ajmakta-ali-tort-onir-tur

atyrau-oblysynyn-ozbekstanmen-ush-ajdagy-sauda-ajnalymy-18-9-mln-3-dollarga-zhetti

bokstan-aziya-chempionaty-sabit-finalda-bibosynov-kola-zhuldeger-atandy

bko-da-mektep-direktory-ush-zhylga-sottaldy

bokstan-aziya-chempionaty-bes-kazakstandyk-boksshy-finalda

загрузка

×