Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ компаниялардың тізімі жарияланды

965

Елорда әкімдігі үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ компаниялардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мәліметінше, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты сынды мәмілелер жарамсыз болып саналады. Осыған байланысты әкімдік тұрғындарды сақ болуға шақырады, әрі рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуға кеңес бермейді.

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" заңнамада үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген", – деп жазылған хабарламада.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі құрылысы аяқталу сатысындағы нысандар тізімінен шығару және жаңа нысандарды қосу жолымен жаңартылады.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсат туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының сайтында орналастырылған.

Барлық сұрақ бойынша 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30, 8 771 605 17 14 телефондарына хабарласа аласыз.

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімін сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу