Үлестік құрылыс: алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары

417

Қазақстанда тұрғын үй сатып алудың аса сұранысқа ие тәсілдерінің біріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жатады.  

Үлестік құрылыс: алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары Фото: Informburo.kz

2019 жылы бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің бір шаршы метрі орта есеппен 293,5 мың теңге, ал биылғы мамыр айында 486 мың теңге (айырмашылық – 65,6%) болды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша қайталама нарықтағы тұрғын үй ауданы орта есеппен 200,4 мың теңге, ал осы жылдың мамырында 505,7 мың теңге тұрды, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сілтеме жасап.

Елімізде орташа айлық атаулы жалақы биылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 340,6 мың теңгені құрады. Бұл 2019 жылғы орташа көрсеткіштен 82,3%-ға артық (186,8 мың теңге). Екіншіден, бұл өсім инфляцияны тоқтатпайды, сондай-ақ бір жылдағы жалақының сатып алу қабілеті 0,6%-ға төмендеді.

Urban Reform Institute (АҚШ) және Frontier Center for Public Policy (Канада) сараптамалық орталықтарының мамандары БҰҰ, ЭЫДҰ, Joint Center for Housing Studies және т.б. стандарттарға сүйене отырып, тұрғын үйге қолжетімділік критерийлерін анықтады. Егер орташа ауданы бар үйді сатып алу үшін 3 жылдан аз уақыт қажет болса онда тұрғын үй қолжетімді деп есептеледі, орташа қолжетімді – 3 жылдан 4 жылға дейін, қолжетімсіз – 5 жылдан астам уақыт қажет болса. Ресурстың жазуынша, мұндай есептеулер бойынша еліміздегі тұрғын үй қолжетімді емес.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңға сәйкес құрылыс кезеңінде тұрғын үйді сатуға бекітілген үлгілік нысан бойынша үлестік қатысу шартын жасасу арқылы ғана рұқсат етіледі. Үлестік қатысу шартының үлгілік нысаны Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген. Шарт жазбаша нысанда жасалады. Қол қойылғаннан кейін үлестік қатысу шарты "Қазрестр" бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті әкімдікте тіркелуі тиіс. Құжат тіркелгеннен кейін тиісті үзінді көшірме беріледі.

Егер сатып алушы құрылыс салушымен өзге шарт жасаса, ол үлестік құрылысқа қатысушы болып саналмайды.

Баспана сатып алмас бұрын адамдардың құрылысқа қатысты құжаттарды бірнеше мәрте тексеріп, үлескер ретінде өз құқығын білуі өте маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу