Үлестік тұрғын үй құрылысына қатысты бірқатар өзгерістер енгізіледі

117

Жаңашылдық көпқабатты үйлердің құрылысына ақша салатын азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.  

Үлестік тұрғын үй құрылысына қатысты бірқатар өзгерістер енгізіледі Фото: canva

Бұдан өзге құрылыс барысын бақылауды күшейтуге және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтерді жақсартуға бағытталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Елімізде үлестік тұрғын үй құрылысына қатысты бірқатар заңдар мен ережелерге өзгерістер енгізіледі.

Үкімет бекіткен құжаттар тізіміне 27 түрлі заң мен ереже кіреді. Оның ішінде құрылыс компанияларымен жасалатын келісімшарттардың үлгісі, кепілдік беру тәртібі, сондай-ақ инженерлік қызметтер мен тұрғын үй алу үшін берілетін облигацияларға қатысты қағидалар бар.

Барлық ережелер тамыз айының соңына дейін күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу