Үлгерімі төмен мың баланы дарынды балаларға арналған мектепте оқытатын болды

1491

Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан үлгерімі төмен 1 000 бала алғаш рет дарынды балаларға арналған 134 мектепте талантты балалармен қатар оқу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Үлгерімі төмен мың баланы дарынды балаларға арналған мектепте оқытатын болды

"Сонымен қатар алғаш рет республикалық қаражат есебінен осы халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға сыйақы беріледі", – деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ алғаш рет халықаралық интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық олимпиадалардың 100 аса жеңімпазы мен жүлдегерлеріне "конкурстан тыс" отандық жоғары оқу орындарына бірден қабылдануға ерекше гранттар бөлінді.

Биыл қазақстандық олимпиадашыларға халықаралық 7 беделді олимпиадаға қатысуға 31 толық квота бөлінді, оларға шілде-тамыз айларында балалар қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу