"Үлгі боларлықтай отбасы": Алтынай Жорабаеваның қыздары екінші әкесінің тегін алғысы келген

1990

Алайда анасы рұқсат бермеген.

"Үлгі боларлықтай отбасы": Алтынай Жорабаеваның қыздары екінші әкесінің тегін алғысы келген Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Әнші Талғат Жорабаев жездесі, Алтынай Жорабаеваның күйеуінің адамгершілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, кез-келген ер адам 4 қызы бар әйелге үйлене қоймайды.

"Қазір үлгі боларлықтай отбасы деп есептеймін. Алтынайға кейбір кезде мойындаймын. Мен өзім еркек болсам да төрт баласы бар келіншекті ала алмас едім. Әлішер сол жағынан еркек. Еркектің істей алмаған нәрсесін істеп отыр. Сол үшін қатты сыйлаймын, жақсы көремін", дейді Талғат Жорабаев.

Сондай-ақ, ол жездесі кәсіппен айналысып қалған, жұмысбасты адам екенін атап өтті.

"Ол бұрын үйленбеген. Солтүстік жақтың адамдары орыс мінезді келеді, бизнес жасаймын, інілерімді бағамын-қағамын деп жүрген кезде біраз уақыты қалай өткенін білмей қалған. "Үйленсей" дегенде Алтынайды кездестіріп қалады. Екеуі тіл табысып, әке-шешеміздің алдынан өтті", деді ол.

Алтынай Жорабаева тұрмысқа шыққан соң, 4 қызы екінші әкесінің тегін алғысы келген.

"Әпкемнің қыздары екінші әкесінің тегін аламыз деп оқталды. Алтынай "қой, бәрібір тегін алғанмен, Алланың алдына барғанда әкелерің ана кісі болғаннан кейін ұят болады" деді. Қыздар құжат жүзінде тегін алмаса да, әлеуметтік желілерде Әлішердің тегіне өзгертіп тастаған. Өздері біледі", деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Алтынай Жорабаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу