"Үлгілі отбасы болған": Алматыда денесі отқа оранған полицейдің отбасы туралы тың дерек айтылды

Кеше ғана айдалада өртеніп жатқан полицейдің денесі табылып, оның өліміне келіншегі мен ұлы күдікке ілінген еді.  

"Үлгілі отбасы болған": Алматыда денесі отқа оранған полицейдің отбасы туралы тың дерек айтылды Фото: inbusiness.kz

Бұған дейін ерлі-зайыптылардың 7 баланы бірге бағып-қаққаны да белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таудан денесі табылған 37 жастағы полиция қызметкерінің өліміне ет жақындары  күдікті ретінде танылып отыр. Марқұмның келіншегі де бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. 

Көпшілік үшін бұл отбасы үлгілі болған. Олар полицейді де, жұбайын да өте сыпайы адамдар деп сипаттады. Ал ұлдарын тәртіпті әрі спортшы ретінде біледі. 

Тергеу нұсқасында қылмыстың Альсеровтер отбасының бірінші қабаттағы пәтерінде болғаны жазылған. 

Алматы облыстық Полиция департаменті қаза тапқан адамның әріптес болғанын растады. Қазіргі уақытта марқұмның пәтері мөрленген, күдіктілерден жауап алынуда. 

– Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталды, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы бар. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, оларға 15 жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы берілуі ықтимал. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу