Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы ақылы болады

686

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі. 

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы ақылы болады Фото: BAQ.KZ
>"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесі ақылы болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz. 
 
"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" учаскесі республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын I-А санатты автомобиль жолы ақылы негізде пайдаланылады. Алматы қаласы мен Алматы облысы арқылы баламалы жолдармен жүру жүзеге асырылады. 
 
Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – Алматы-Ұзынағаш автомобиль жолының 22+640 шақырымы, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті-Алматы – Талғар автомобиль жолының 22+000 шақырымы", - делінген бұйрық жобасында.
 
Құжатқа берілген қосымшада ақылы учаскеде жол жүру құны да көрсетілген. 
 
"Бір сағат ішінде жүріп өткен жолға қарамастан сапар құны:
 
- Жеңіл көліктер – 0,07 АЕК;
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,12 АЕК;
- 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,22 АЕК;
- 32 жолаушы орнынан автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,36 АЕК;
- Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,43 АЕК;
- Жүк көтергіштігі 15 тоннадан басталатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар – 0,72 АЕК", - делінген құжатта.
 
Бұдан бөлек бір айлық немесе бір жылдық абонемент түрінде төлемақы төлеуді енгізу туралы да айтылған. Құжатта көрсетілгендей, абоненттік төлем Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандарында тіркелген автокөлік құралдары үшін ресімделуі мүмкін. Абоненттік төлем автокөлік құралдарының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты автокөлік құралдары үшін белгіленеді.
 
Құжат Ашық НҚА порталында  жарияланды. Оны ашық талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады. 
 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу