Үлкен Алматы айналма автожолы бойынша жол жүру құны бекітілді

409

ИИДМ басшысы 2023 жылғы 4 шілдеде "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрыққа қол қойды. 

Үлкен Алматы айналма автожолы бойынша жол жүру құны бекітілді Фото: skyscrapercity.com

Ақылы жолдың бастапқы пункті – Алматы-Ұзынағаш автомобиль жолының 22 + 640 км, ақылы жолдың (участкесінің) соңғы пункті – Алматы–Талғар автомобиль жолының 22 + 000 шақырымы, деп жазады inbusiness.kz.

Бір сағат ішінде жүріп өткен жолға қарамастан сапар құны:

- Жеңіл көліктер – 0,07 АЕК (241,5 тг); 
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,08 АЕК (276 тг); 
- 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,14 АЕК (483 тг);
- 32 жолаушы орнынан автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,16 АЕК (552 тг); 
- Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,2 АЕК (690 тг);
- Жүк көтергіштігі 15 тоннадан басталатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар – 0,22 АЕК (759 тг).

Құжатта көлік құралдарының көрсетілген санаттары үшін 1 айға және 1 жылға абонементтер сатып алу мәселесі де қарастырылған.

Бұйрық 21 шілдеден бастап қолданысқа енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу