Үлкен Алматы айналма жолы 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілмек

Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр айтты. 

Үлкен Алматы айналма жолы 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілмек Фото: almaty.tv

Оның сөзінше биылғы жылдың екінші жартыжылдығында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) пайдалануға беру жоспарлануда. Ұзындығы 66 шақырымға созылған 3 жолақты I-А санатты жол ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында ақы төлеудің ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді", - деді спикер.

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жобасы концессия механизміне сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл дегеніміз, бір Тарап екінші Тарапқа объектілерді пайдалану немесе салу құқығын беретін келісім. Концессия әдетте мемлекеттер мен компаниялар арасында жасалады және белгілі бір шарттар мен мерзімдерге белгіленеді. 

Концессионердің пайдалану мерзімі - 15 жыл.

Концессионер "ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар" ЖШС болып табылады, оның құрылтайшылары "Алсим Аларко-Макйол – СК Экоплант – Корея Экспрессвэй" түрік – корей консорциумы болып табылады.

Жамбыл Бақтияр жобаның қолайлығы мен артықшылықтарын атап өтті:

• Алматыда және қала маңындағы кептелістерді азайту: ҮАААЖ негізгі магистралдарды босату және жол желісінің өткізу қабілетін жақсарту арқылы Алматы қаласындағы көлік ағынын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде кептелістерді азайтып, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады.

• Жол жүру уақытын қысқарту: ҮАААЖ қаланы айналып өту уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін кептелісі аз балама маршрутын ұсынады. Сондай-ақ, ауыр жүк көліктері жүктерді тасымалдау кезінде уақытын үнемдеп, жұмыс тиімділігін арттыра алады.

• Экологиялық артықшылықтар: Көлік ағынын Алматы қаласынан тысқары жерлерге көшіру арқылы ҮАААЖ атмосфераға зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтып, қала мен оның төңірегіндегі экологиялық жағдайға оң әсерін тигізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу