Үлкен Алматы айналма жолын ашудың нәтижесінде 775 млн долларға жуық инвестиция тартылды

124

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үлкен Алматы айналма жолын ашудың нәтижесінде 775 млн долларға жуық инвестиция тартылды Фото: ortcom_kz

"Бүгінгі таңда айналма жолдың бойына жалпы инвестиция көлемі 775 млн долларға жуық болатын бес халықаралық компания тартылды. Сонымен қатар, 1200 жұмыс орнын құрумен 120 млн долларға темір-бетон бұйымдары зауытының құрылысы бойынша отандық жоба жүзеге асырылуда", – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс ауқымы кеңейе түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу