Кеңес барысында жер телімдерін сатып алу үдерісі және Тілендиев көшесін, Солтүстік айналма жолды, Саин көшесін, сондай-ақ Рысқұлов пен Абай даңғылдарын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарының барысы жан-жақты қарастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Келесі кезеңде аталған магистральдарды ҮАААЖ-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар Ақын Сара көшесінің қала шегіне дейін толық ашылғаны және оны әрі қарай ұзарту жоспарланғаны айтылды.
Қала әкімдігі облыс аумағында орналасқан жол учаскелерінің құрылысын жүзеге асыру міндеттемесін мойнына алды.
Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті органдарға ұсынылған, ал жер телімдерін сатып алу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.
Жобалардың жүзеге асырылуы қала әкімінің жіті бақылауында. Бұл бастамалар Алматыға кіреберіс магистральдардың санын арттырып, шаһар мен тұтас агломерацияның көлік байланысын едәуір жақсартуға мүмкіндік бермек.