Үлкен Алматы айналмалы автожолының құрылысы басталады. Жалпы ұзындығы 66 шақырымға созылған жол қаланы айнала, Алматы облысының Талғар, Іле және Қарасай аудандырын басып өтеді, деп хабарлайды 24.kz.
Үш жолақты автобанның инвестициялық құны 150 млрд теңге. Жол бойында 7 жолайырық пен 13 көпір салынады. Құрылыс жұмыстары екі жылға жоспарланған. Пайдалануға берілгеннен кейін күре жол ешқандай күрделі жөндеуді қажетсінбей, 2044 жылға дейін ел игілігіне жарауға тиіс.
"Айналма жол көлденең жатқан 19 автожол мен 2 теміржолды кесіп өтеді. Сол арқылы Алматыдағы көлік нөпірін 40 пайызға қысқартуға болады", - дейді мамандар.
Нәтижесінде шаһардағы кептеліс азайып, экология мен экономикаға да оң әсер етпек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу