Үлкен Алматы каналының жағдайы сын көтермейді – Тоқаев

720

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Үкімет пен әкімдікке қалдық суды тазартып, кәдеге жаратудың ережесін әзірлеуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.   

Үлкен Алматы каналының жағдайы сын көтермейді – Тоқаев Фото: Хабар 24

"Бүгінде Үлкен Алматы каналының жағдайы сын көтермейді. Қазір бұл канал 60 мың гектар жерге су жеткізеді. Бірақ іске қосылғаннан бері оған бір де бір күрделі жөндеу жүргізілмеген. Әкімдік Үкіметпен бірлесіп, бұл жұмысты шұғыл қолға алуға тиіс. Су тапшылығы болғандықтан, Сорбұлақтың тазартылған суын пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Қазір Сорбұлақтың суымен 2,7 мың гектар егіс алқабы суарылады. Бұл су қоймасын шамадан тыс толып кетуден сақтайды. Әйтпесе экологиялық апатқа тап болуымыз мүмкін. Алайда мұның бәрі әлі күнге дейін реттелмеген", – деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, сонда суармалы жердің аумағын кеңейтуге мүмкіндік туады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу