Үлкен Алматы көліне апаратын жаңа соқпақ қараша айында ашылады

290

Алматыда Үлкен Алматы көліне апаратын жаңа соқпақ салынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үлкен Алматы көліне апаратын жаңа соқпақ қараша айында ашылады Фото: ilcolosseo.ru

Алматыда Үлкен Алматы көліне дейін жаяу жетуге мүмкіндік беретін "Мәрмәр" туристік соқпағын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, ұзындығы 5,3 шақырым болатын бағыттағы жұмыстардың 80 пайызы аяқталған. Жобаны 2026 жылғы қараша айының соңына дейін толық бітіру жоспарланып отыр.

Жаңа маршрут бойында демалыс және шолу алаңдары, баспалдақтар, өткелдер, ақпараттық тақталар мен бағытты көрсететін белгілер орнатылады.

Қалалық туризм басқармасы жаңа соқпақ Үлкен Алматы көліне жаяу баруды ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталғанын хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысына қатысты шағымдар жарияланған еді. Атап айтқанда, желіде баспалдақтың ішіне құрылыс қалдықтары салынғаны көрсетілген видео тарады.

Осыдан кейін Алматы қаласының туризм басқармасы аталған аумақты тексеріп, құрылыс барысында технологиялық талаптардың бұзылмағанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу