Үлкен Алматы көліне баруға болмайды

979

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің бір бағыты: халықты селден, қар көшкінінен және жер сілкінісінен қорғау.   

Үлкен Алматы көліне баруға болмайды

Министр Юрий Ильин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2020 жылы елімізде 8 сел, 18 көшкін тіркелді. Жыл сайын "Қазселденқорғау" құрылыс-монтаждау басқармасы қауіпті аймақтарға аэровизуалды тексеру жүргізеді. 17 аса қауіпті мореналық көлдерде алдын алу шаралары қабылданады. Бүгінгі таңда Қорғас, Ақсай және Аюсай өзендерінде селге қарсы бөгет салу жобасы жүзеге асырылып жатыр", – деді Юрий Ильин.

Министр Іле Алатауы алматылықтар мен туристердің сүйікті орны екенін, алайда бұл жер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін түсіндірді. 

"Ел азаматтарынан бөгет құрылысы аяқталғанға дейін, Үлкен Алматы көліне бармауды сұраймыз", – деді Юрий Ильин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу