Үлкен Алматы өзенінде көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды

755

Айыпталушы кінәсін толық мойындаған. 

Үлкен Алматы өзенінде көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды

Бұл туралы Алматы қалық Полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еске сала кетсек, 30 шілдеде "Range Rover" маркалы жол талғамайтын көлік тізгіндеген ер азаматтың Үлкен Алматы өзеніне түсіп, көлігін жуғанын айғақтайтын бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түскен. 

"Бұл көліктің жүргізушісі дереу анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Ол – 1985 жылы туған Б. есімді азамат. Оның айтуынша, бұл жағдай 30 шілдеде болған. Б. мырза көлігінің дөңгелектерін жуу үшін өзенге барғанын түсіндірді. Кінәсін толық мойындады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабына сәйкес құқық бұзушы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (13 мың 890 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Сатаров.  

Ал көлік иесі айыбын толық мойындап, бұл әрекеті үшін өкінетінін жеткізді.  

Құралай Құдайберген

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу