Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір жұмысшылар "қызыл сызыққа" түскен үйлерді күреп, торап түсетін жерлерді тегістеп жатыр.
Тасжолды салу кезінде Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 100-ге жуық үй сүріледі. Маңызды жолдың құрылысы үшін мемлекет 12 жыл аралығында 724 жер телімін босатыпты. Жер иелеріне өтемақы үшін қазынадан 8 млрд теңге бөлінген. Дегенмен, берілетін өтемақыға келіспеген екі жер иесінің мәселесі сотта қаралып жатыр.
Үйлерден бөлек, құрылыс кезінде 20 мың ағаш оталады. Дегенмен, құрылысшылар кесілген әрбір түп жасыл желектің орнына 3 ағаштан отырғызуға уәде беріп отыр. Демек, маңызды тораптың маңайына болашақта 60 мың тал егіледі.
Айналма жол төселетін аумақта 300-ге тарта сақ қорғаны бар екен. Сондықтан археологтар алдын-ала ежелгі қорғандардың бетін ашып, қазба жұмыстарын жасап жатыр. Олар әр қорғанды 5 метрге дейін қазып, құнды жәдігер тапса арнайы зерттеу институтына тапсырмақ.

Автобан түрік-корей инвесторларының қаржысына салынады. Мердігерлер айналма жолдың құрылысына 187 млрд теңге бөлген.
Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2022 жылы торап қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.