Үлкен Алматының маңында қар көшкіні жүрді

1019

Үлкен Алматының маңында қар көшкіні жүрді

Үлкен Алматы көлінің маңында қар көшкіні жүрді, — деп хабарлайды Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Қар күйінде мөлшерінен тыс жауған Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде тұрақсыз жағдайға байланысты шамамен 100 мың текше қар көшкіні жүріп, автомобиль жолдарын жауып қалды. Соның салдарынан П.К. Штернберг атындағы Мемлекеттік астрономиялық институтты, "Қазгидромет" РМК-ның бақылау посттары және "Қазселденқорғау" ММ тәулік бойы қызмет етіп кезекшілік ететін 61 адамға баратын жолдар жабылды", — делінген ТЖД хабарламасында.

"Қазселденқорғау" ММ күштерімен Үлкен Алматы көліне баратын жолдың 9,5 шаршы шақырым жер қардан тазаланып, жоғарыда аталған жерлерге жолдар ашылды.

ТЖД мәліметінше, М ТЗ-82 тракторы мен УАЗ автокөлігі және 10 жұмысшы осы іске жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу