Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысуда

216

Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеуде

Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысуда Фото: telegram/rskalmombl

Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі жұмысын бастады.

Таңертеңнен бастап ауылдың тұрғыны дауыс беруге келіп, белсенділік танытты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек, – деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.

Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта олардың барлығы сайлаушыларды қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу