"Үлкен дулыға" турнирі: Новак Джокович 24-ші мәрте чемпион атанды

402

Сербиялық теннисші Новак Джокович US Open турнирінің жеңімпазы атанды.

"Үлкен дулыға" турнирі: Новак Джокович 24-ші мәрте чемпион атанды Фото: BBC

Джокович финалда ресейлік, әлемнің 3-ракеткасы Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:5), 6:3 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Осылайша, әлемдік рейтингте қайтадан көш бастайтын сербиялық спортшы "Үлкен дулыға" турнирін 24 рет ұтып алды. Бұл көрсеткіш жөнінен ол аустралиялық теннисші Маргарет Кортпен теңесті.

Жарыстағы жеңісі үшін Джокович 2 мың рейтингілік ұпайға ие болып, 3 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Медведевтің үлесіне 1200 рейтингілік ұпай мен 1,5 млн доллар тиді.

Айта кетейік, 36 жастағы Джокович АҚШ ашық чемпионаты тарихында ең жасы үлкен жеңімпаз болды. Новак аустралиялық Кен Розуолдың рекордын жаңартты. Бұл теннисші 1970 жылы 35 жасында үздік шыққан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу