"Үлкен сабақ болды": Дана Нұржігіт екінші некесі сәтсіз аяқталғанын айтты

7847

Тележүргізуші тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы оны да айналып өтпегенін жазды.

"Үлкен сабақ болды": Дана Нұржігіт екінші некесі сәтсіз аяқталғанын айтты Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Танымал журналист, сенатор Дана Нұржігіт екінші некесінің сәтсіз болғанын айтып, басынан өткен жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты,

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

“Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тақырыбы мені де айналып өтпеді. Жәбірленушінің орнында болып, сот залында тұрамын дегенді кім білген?! Қиындық кімде жоқ. Мен де мойымай, бастысы денсаулығым мен жұмысымнан айырмасын” деген едім. Алайда моральдық-психологиялық қысым алдымен денсаулығыма кері әсерін тигізді. Содан кейін ТВ-да жұмыс істей алмайтын жағдайға жеттім. Басшыға өзім барып, жұмыстан кететінімді айттым. Өйткені түске дейін тергеушінің алдында, түстен кейін тікелей эфирде жұмыс істеуге жарамай қалдым.

Екінші некем баянсыз болып, тоғыспайтын жерден М.Ә. есімді азаматпен мәмілеге келіп, адамша екі жаққа кетудің орнына іс насырға шауып, жабық есік жағдайындағы сот процесіне жетті. Іс 10 айға созылып, тергеу процесінен өттім. Соңғы нүктесі 28 мамырда қойылды. Үкім 13 маусым күні күшіне енді. Істің мән-жайын ашпауға қолхат беріп, уәделестік. Сол үшін артық нәрсе жазбаймын.

Иә, заңды түрде қорғануға мәжбүр болдым. Бір шешімге келерміз деп жүргенде істің арты осынша уақытты алады деп ойламаппын. Жұмыс пен үйдің, баламның берекесі қашты. Қаржылық шығын, жүйкенің тозуын айтпай-ақ қояйын. Бұл оқиға мен үшін үлкен сабақ болды. Әлімнің әкесіне дейін қолдап, “Сақ бол!” деп маған қорған болуға тырысты, жарықтық”, – деп жазды тележурналист. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу