Үлкен той жасаған шенеуніктер қызметтерінен қуылды

816

Үлкен той жасаған шенеуніктер қызметтерінен қуылды

Бірқатар тәжік шенеуніктері балаларды тәрбиелеуде, салт-дәстүр, той өткізуде ата-ананың жауапкершілігі туралы заңды бұзғаны үшін қызметтерінен шеттетілген, деп хабарлайды alashainasy.kz.

Мұндай мәлімдемені Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 13 мамырда Данғарада Хатлон облысының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу кезінде жасады.

"Біраз адамдар жұмыстан босатылды. Бұдан былай бұл салада бақылау өте қатаң болады", - деді Рахмон.

Оның сөздерінше, халықтың игілігі үшін, тұрақтылықты сақтау үшін аталған заң қабылданған.

"Бірақ бірқатар шенеуніктер, мемлекеттік қызметкерлер,құқық қорғау органдарының өкілдері мен кәсіпкерлер заңды сақтамай, дабыра той жасап, ысырапшылдыққа барып отыр. Олардың балалары мен туыстары қоғамдықтәртіпті бұзады", - деді президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу