Үлкен және Кіші Талдыкөл тағдыры не болмақ?

523

Үлкен Талдыкөлдің көлемі 5 есе ұлғаяды, ал Кіші Талдыкөл маңына үй салуға рұқсат берілмейді. 

Үлкен және Кіші Талдыкөл тағдыры не болмақ? Фото: informburo.kz

Үлкен Талдыкөлдің көлемін ұлғайтуға 1,5-2 жыл уақыт кетеді, деп жазады inbusiness.kz Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"1990-шы жылдары Үлкен Талдыкөлде 50 млн текше метр су болатын. 2000-шы жылдары 10 млн болды. Ал қазір 1 млн текше метрден азайып кеткен. 2015 жылдан бастап кәріз арқылы Талдыкөлге баратын суды тазартып, оны Есіл өзеніне жібергенбіз. Енді министрлікпен келісіп, ол суды Үлкен Талдыкөлге қайта бағыттайтын болдық. 2 апта болды суды сол жаққа жіберіп жатырмыз. Үлкен Талдыкөлдің көлемін 5 есе көбейтеміз", - деді Жеңіс Қасымбек

Ал Кіші Талдыкөлге келер болсақ, онда әкімдік кішкентай өзендер желісін сақтап қалуға тырсып бағуда.

"9,3,7-ші учаскелер бойынша қазір жұмыстар жүргізіп жатырмыз және оларды сақтап қаламыз. Саябақ салынуы тиіс учаске – 5-ші. Оның жобасы әзір емес, әлі дайындалып жатыр. Бұл мәселені қаланың тұрғындарымен ақылдасу керек. Бірақ ол жерде жаңа құрылыс болмайды. Бұған дейін салынып қойған үйлерде адамдар тұрады, енді оларды бұза алмаймыз", - деп түсіндірді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу