Ұлт бірлігін нығайту жолында еңбек еткен қазақстандықтар "Ел бірлігі" орденімен марапатталуы мүмкін

Құжат 12 шілдеге дейін көпшілік талқысында болады. 

Ұлт бірлігін нығайту жолында еңбек еткен қазақстандықтар "Ел бірлігі" орденімен марапатталуы мүмкін Фото: ortcom

Бұл туралы көпшілік талқысына шығарылған құжатта жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, ҚР мемлекеттік наградалары құжатының үлгілерін және ҚР мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" ҚР Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған өкімге 3-қосымшада: "Достық" (Дружба) орденінің сипаттамасынан кейін осы өкімнің қосымшасына сәйкес "Ел бірлігі" орденінің сипаттамасы толықтырылсын", - де жазылған құжатта.

Құжат 12 шілдеге дейін көпшілік талқысында болады. Содан соң Премьер-Министр қол қойып, Мемлекет басшысына жолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу