Ұлт саулығына салынған капитал екі есе көбейген

668

Биыл 10 айдың ішінде денсаулық сақтау саласына 201 млрд теңге салынған, бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. 

Ұлт саулығына салынған капитал екі есе көбейген

Еnergyprom.kz ақпаратына сүйенсек, 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызметтер көрсету секторына 201,3 млрд теңге инвестиция құйылған, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп. Физикалық көлемінің индексі – 217,2%.

Қазан айында саладағы негізгі капиталға құйылған инвестиция 52 млрд теңгені құрап, бір айдың ішінде бірден – 14%, бір жылға 4,3 есеге артқан. 

2020 жылдың қазан айында салынған қаражат биылғы және былтырғы жылдың бір айдағы көрсеткішінен әлдеқайда артық екенін атап өту керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу