"Ұлт тағдыры" Орталық сайлау комиссиясына Қосановтың құжаттарын тапсырды

1933

Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 29 сәуірге тағайындалды.

"Ұлт тағдыры" Орталық сайлау комиссиясына Қосановтың құжаттарын тапсырды

"Ұлт тағдыры" бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі Орталық сайлау комиссиясына Әміржан Сәғидрахманұлы Қосановтың құжаттарын ұсынды, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

Партия "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес президенттікке үміткерден талап етілетін құжаттарды тапсырды:

1. ""Ұлт тағдыры" бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

2. Әміржан Сәғидрахманұлы Қосановтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

3. Өмірбаяндық деректері;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.

Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 29 сәуірге тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу