Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлтаралық татулық – біздің басты байлығымыз болуы керек

701

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚХА кеңесінің отырысы өтіп жатыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлтаралық татулық – біздің басты байлығымыз болуы керек

Отырысқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, кеңес мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, этнобірлестіктердің төрағалары қатысуда, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Қиын жағдайға байланысты кеңес отырысын бейнебайланыс түрінде өткізіп отырмыз. Бұл жиынымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына арналады. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын. Мерейтойлық меже өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмысты қорытындылауға себеп болып отыр. Ассамблеяның қандай қиын уақытта құрылғанын бәріміз білеміз. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қалыптасуы, тарихи шиеленісті, ертеңгі өмірге деген сенімсіздік заманында құрылды. Бірақ біз дәл сол кезде өзіміз үшін бір нәрсені қабылдадық. Ұлтаралық татулық – біздің басты байлығымыз болуы керек", – деді кеңес отырысын ашқан Елбасы.

Сөз арасында ҚР Тұңғыш Президенті 1992 жылдың 14 желтоқсанында өткен Қазақстан халықаралық форумында халықтың келісімі мен бірлігіне негізделген Ассамблея құру жөнінде бастама көтергенін еске салып өтті.

"1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойылды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу