Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кишиневке аттанды

961

УЕФА Ұлттар лигасының өтпелі матчын ойнау үшін Қазақстан ұлттық құрама командасы бүгін Нұр-Сұлтаннан Кишинев қаласына аттанды.

Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кишиневке аттанды

23 наурыз күні сағат 16:30-да (жергілікті уақытпен) Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карповичтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сонымен қатар сағат 17:00-де "Зимбру" стадионында біздің команданың матчалды жаттығу жұмыстары болады.

Молдоваға қарсы ойын 24 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. 

Кишинев қаласына аттанған ойыншылар тізімі мынандай:

Қақпашылар: Стас Покатилов ("Ақтөбе"), Игорь Шацкий ("Шахтер"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз");

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков ("Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Нұрлан Дайыров ("Тараз"), Тимур Досмағамбетов ("Шахтер"), Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (барлығы - "Тобыл"), Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов (екеуі де - "Ақтөбе"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ақсу");

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат ("Астана"), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де - "Тобыл"), Айбол Әбікен ("Ақсу"), Думан Нәрзілдаев ("Каспий"), Рамазан Оразов ("Ақтөбе"), Георгий Жуков ("Висла", Польша), Абылайхан Назымханов ("Шахтер");

Шабуылшылар: Алексей Щеткин ("Ротор", Ресей), Абат Айымбетов ("Астана"), Роман Мұртазаев ("Шахтер"), Айбар Жақсылықов ("Тобыл").

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу